Іс шаралар туралы ақпарат

🍂 «Күзгі қиял» — бірге жасаймыз! 🍁

«Болашақ» бөбекжай-бақшамызда күзгі қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Көрмеге балабақшамыздың белсенді де шығармашыл отбасылары қатысты! ❤️

Балаларымен бірге уақыт бөліп, ерекше туындылар жасап, өздерінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсеткен барлық ата-аналарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Біздің бастамаларымызды қолдап, балабақша өмірін одан әрі жарқын әрі қызықты етуге үлес қосып жүргендеріңіз үшін үлкен рақмет!

📱 «Гаджеттер және балалар: баланы цифрлық әлемде қалай қорғауға болады?»

«Болашақ» МКҚК мекемесінің мектепалды даярлық тобында «Заң және тәртіп» жоспары аясында ата-аналармен қызықты әрі пайдалы кездесу өтті.

💬 Кездесу барысында қазіргі балалардың өміріндегі гаджеттердің рөлі, интернетте балаларға төнуі мүмкін қауіптер және цифрлық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды үйрету жолдары талқыланды.

👨‍👩‍👧 Ата-аналар өз ойларымен бөлісіп, пайдалы ұсыныстар алды. Олар баланы қорғаудың ең тиімді жолы — әрдайым жанында болып, оның өміріне қызығушылық таныту және қауіпсіз бен қауіпті ажырата білуге үйрету екенін тағы бір мәрте түсінді.

💙 Өйткені балалардың цифрлық қауіпсіздігі біздің қамқорлығымыздан, назарымыздан және жеке үлгімізден басталады!