Басты бет

“Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің білім басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің “Петропавл қаласының білім бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Болашақ»бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кəсіпорны

Сізді “Болашақ” бөбекжай-бақшасы” МКҚК меңгерушісі

Насырова Татьяна Николаевна қарсы алады!

Құрметті ата-аналар!

«Болашақ» б/б МКҚК қош келдіңіздер!

«Болашақ» б/б МКҚК – бұл аралас мектепке дейінгі мекеме, онда 2 жастан 6 жас аралығында білімге əртүрлі қажеттіліктері бар мектеп жасына дейінгі балалар оқытылады жəне тəрбиеленеді. Балабақшада 5 топ жұмыс істейді, оның ішінде 3 сөйлеу тілі күрделі бұзылған балаларға арналған арнайы топтар. «Болашақ» б/б МКҚК тəрбиелеу үдерісі орыс тілінде жүзеге асырылады. «Болашақ» б/б МКҚК қызметінің пəні Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары

жəне Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы аясында тəрбиелеу-білім беру жəне арнайы түзету қызметі

жүзеге асырылады. «Болашақ» б/б МКҚК қызметінің мақсаты:

– мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық жəне психологиялық денсаулығын нығайту жəне сақтау, оларды салауатты өмір салтына

араластыру;

  • тəрбиеленушілердің интеллектуалды жəне жеке дамуын қамтамасыз ету, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыру, адамгершілік құндылықтарға араластыру негінде қасиеттерін дамыту;
  • білім берудің мектеп жасына дейінгі тəрбие мен оқыту бағдарламаларын балалардың меңгеруіне жағдай жасау;

– бастамашылдық, білуге құмарлық, мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылыққа өз болмысыңды көрсетудің ерікті қабілеттіліктерін дамыту;

– 5-6 жастағыларды мектепке дейінгі дайындықпен қамтамасыз ету;

– Тəрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қатынас;

– Мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеп отырған отбасыларына əдістемелік, диагностикалық жəне кеңестік көмек ұйымдастыру;

  • сөйлеу тілі күрделі бұзылған, эмоционалды-коммуникативті даму бөгелісі бар балаларды тəрбие мен оқытуды ұйымдастыру;
  •    «Болашақ» б/б МКҚК педагогтары өз жұмыстарында білім берудің заманауи технологиялары, яғни денсаулықты сақтау технологиясы,

В.В.Воскобовичтің дамыту ойындары, биоэнергопластика, дермолексия, литотерапия, арттерапия, құм терапиясы, Су-джок терапия, ЗМШТ, стретчинг элементтері, фитбол, жобалық қызмет.